Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға өтті

Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға өтті
ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин өз тобында төртінші нәтиже тіркеді. Ал жалпы есепте жетінші орынмен Олимпиаданың жартылай финалына жолдама алды.

Айта кетелік, жартылай финал бәсекесі ертеңге жоспарланған.

Бұған дейін Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде жыртылай финалға өте алмаған болатын.