425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Токио Олимпиадасы: Дмитрий Баландин жартылай финалға шыға алмады

  • 306
  • UPD: 18:42, 24.07.2021
Токио Олимпиадасы: Дмитрий Баландин жартылай финалға шыға алмады Фото: olympic.kz

Токиода жүзуден іріктеу сындары аяқталды. 100 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түскен Дмитрий Баландин жартылай финалға өткен жоқ деп жазады Olympic.kz.

Бесінші топта жарысқан Дмитрий 59,75 секундты көрсетіп, алтыншы орын алды. Ал қорытынды хаттамада Баландин 17-ші сатыға тұрақтады.

100 метрге брасс әдісімен жүзуден әзірге америкалық Майкл Эндрю үздік нәтиже тіркеді. Екінші орында англиялық Джеймс Уилби, үшінші орында германиялық Лукас Матцерат.

Еске салайық, 2020 жылғы Олимпиада ойындарында Елдос Сметов Қазақстанға алғашқы медаль әкелген еді.

 

Хабар 24 телеарнасы