Садақшы Санжар Мұсаев Токио Олимпиадасын аяқтады

Садақшы Санжар Мұсаев Токио Олимпиадасын аяқтады
Фото: Қазақстан ҰОК, Владислав Семёнов

Токиода садақ атудан ерлер арасында жекелей жарыстар өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық садақшы Санжар Мұсаев алғашқы айналымда қарсыласына есе жіберді. Қытай спортшысы Дапенг Вонгпен сынға түскен ол 6:4 есебімен қарсыласына жол берді. 

Айта кетерлігі, осыған дейін жеке сайыс бойынша Денис Ганькин де жарыс жолынан шығып қалған болатын.