Мессиге миллиард еуроға келісімшарт ұсынылды

Мессиге миллиард еуроға келісімшарт ұсынылды

Катардың «Аль-Садд» клубы еркін агент атанған шабуылшы Лионель Мессиге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Рrosports.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Клуб 34 жастағы аргентиналық футболшыға бір миллиард еуроға үш жылдық келісімшарт ұсынды. «Аль Саддты» «Барселона» сапында Мессимен бірге ойнаған Хави жаттықтырады.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары француздың «ПСЖ» клубы Мессимен келісімшартқа отырды және келісімшарт алдағы апталарда ресми түрде жариялануы керек деп хабарлайды. Сондай -ақ, «Челсидің» қожайыны Роман Абрамович Лионель өкілдерімен кездескені белгілі болды.

Еске салайық, Мессидің каталондық клубпен келісімшарты 30 маусымда аяқталды.

Аргентиналық футболшы 2004 жылы «Барселона» сапында дебют жасады. Клубпен бірге ол Испания чемпионатын он рет, Испания кубогын жеті рет жеңіп алды, сонымен қатар төрт рет Чемпиондар лигасында қарсылас шақ келтірмеді.