Елімізде «Аула фит» жобасы кеңінен жүзеге асырыла бастады

Білікті бапкер сабағын тегін негізде алуға болады.

Елімізде «Аула фит» жобасы кеңінен жүзеге асырыла бастады. Құзырлы министрлік бағдарламасы жергілікті әкімдіктерден қолдау тауып, қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Қостанай, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарында қолға алынды. Оның аясында арнайы мамандар күнделікті әр аулаға барып, футбол, баскетбол, волейбол сияқты командалық ойындар бойынша және жалпы физикалық дайындық бойынша жаттығулар жүргізеді. Қатысам деушілердің жасына шектеу жоқ.

Бақтияр Масанов, Бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясының басшысы:

– Үйде отырмай, өз денсаулығымызды жақсартудың жолы. Төрт ауданда, алты аулада өтіп жатыр. Пилоттық бағдарлама болып тұр. Енді 6 аулада емес, 60 аулада жасасақ деген үмітіміз бар. Әкім қолдап жатыр. Бәріне ұнап жатыр.