Месси ПСЖ сапына қосылды

Football.ua

Месси ПСЖ командасына ауысты.

Бұл жөнінде париждік клуб Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. Ондағы ақпаратқа сәйкес, келісімшарт 2023 жылға дейін есептелген және оны ары қарай созуға да болады. Месси «Пари-Сен-Жермен» сапында 30-нөмірмен өнер көрсетеді. Ал оның жалақысы, кейбір дерек көздері бойынша, жылына 35 миллион долларды құрайды.

Айта кетейік, «Барселона» өткен аптада ғана Мессимен келісімшартты үзетінін жариялады. Ол осы клубта 2005 жылдан бері ойнаған. Осы аралықта Испания чемпионатының ең үздік ойыншысы атанды. 6 дүркін «Алтын доп» сыйлығын жеңіп алды.

Сондай-ақ:

Месси «Барселонадан» кетті

«Барселона» президенті Мессидің қай клубқа ауысатынын айтты

Лионель Месси қай командаға ауысатын болды?

«Тұран» Мессиді Түркістанға шақырды

ПСЖ Мессиге ресми ұсыныс жасады

Месси «ПСЖ» сапында қай нөмірде ойнайтыны белгілі болды