Рыбакина Монреальдағы теннис турнирінің жартылай финалына өтті

Рыбакина Монреальдағы теннис турнирінің жартылай финалына өтті
фото: Olympic.kz

Монреальда халықаралық WTA теннис турнирі өтіп жатыр. Жұптық турнирде қазақстандық спортшы Елена Рыбакина жарыстың жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың ширек финалында спортшы ресейлік Вероника Кудерметовамен өнер көрсетті. Олар норвегиялық Ульрикке Эйкери мен америкалық Кэтрин Харрисонның дуэтін жеңді. Кездесу 6:0, 6:2 есебімен аяқталды.

Матчтің 56-шы минутында Елена мен Вероника үш эйс пен бес брейк жасап, екі рет доп беруде қателесті. Рыбакина Монреальдағы теннис турнирінің жартылай финалына өтті.