Банминтон: Панарин халықаралық турнирде күміс медаль алды

Банминтон: Панарин халықаралық турнирде күміс медаль алды
фото: prosports.kz

Бадминтоннан Бенинде өткен халықаралық турнирде қазақстандық Дмитрий Панарин жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Қазақстандық спортшы финалға дейін сүрінбей, ақтық сында үндістандық Аман Санжайдан ұтылды.

Осылайша, Панарин турнирдің күміс жүлдесін қанағат тұтты.