426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Путинцева WTA турнирінің екінші айналымына өтті

  • 66
  • UPD: 09:42, 29.09.2021
Путинцева WTA турнирінің екінші айналымына өтті Prosports.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан WTA турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 1/16 финалда Грузия өкілі Екатерина Горгодзені жеңді.

1 сағат 11 минутқа созылған кездесу 6:1, 6:2 есебімен Юлияның пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, турнирдің 1/4 финалына шығу үшін Путинцева Беларусь спортшысы Вера Лапкомен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы