Алматыда ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

Қазанның 3-і күні Алматыда ережесіз жекпе-жектен айтулы жарыс өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан намысын Арман Әшімов пен Серік Разғалиев және Сырым Бектұрсын секілді тәжірибелі спортшылар қорғайды. «Алматы Арена» спорт кешенінде өтетін сынға көрші елдерден және Бразилия мен АҚШ-тан жұдырықты жігіттер келеді. Турнирге жанкүйерлер де кіре алады. Бірақ шектеу бар. Соңғы кезде тең келер қарсылас таппай жүрген қырғыз мықтысы Қанат Келдібековпен күш сынасатын Сырым қызу дайындық үстінде. Қарсыласының қыр-сырын әбден зерттеп, жанкүйерлер алдында жеңіске жету үшін аянып қалмаймын деп отыр. Осы жарыста жеңіске жеткен спортшылар әлем чемпионы атағына бір табан жақындайды.

Сырым Бектұрсын, жарысқа қатысушы:

- Жекпе-жектерін көрдім. Стойкада да істейді, күреседі. Және аяқпен де жұмыс істейді. Менің байқағаным, ол аяғына дейін төбелесіп шығады. Мінез көрсетіп, соңына дейін төбелесіп шығады. Менің де жоспарым солай, үш раунд аяғына дейін төбелесу.

Нұрбек Қарабала, жарысты ұйымдастырушы:

- Әрине, мұндай жарыстар бұл жерде тек біз емес, тағы да промоушендар бар. Сол жарыстардың бәрі, сол промоушондардың бәрі сол жігіттердің дамуына тек қана техникалық физикалық жағынан емес, танымал болуына үлкен себепші болады. Сондықтан біздің промоушн әлемде, Ресейде жақсы бақылауда. Сондықтан бұл үлкен бір мүмкіндік деп ойлаймын.