Қазақстанның әйелдер арасындағы хоккей құрамасы Испаниядан жеңілді

Қазақстанның әйелдер арасындағы хоккей құрамасы Испаниядан жеңілді

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 2022 жылғы Қысқы Олимпиадаға іріктеу кезеңінде екінші кездесуін Испанияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде екі құрама тартысты ойын өткізді. Негізгі кезеңде құрамалар 2:2 есебіне қанағат білдірді. Овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте испаниялық хоккейшілердің жолы болды. Осылайша қазақстандық хоккейші қыздар қарсыласынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бұдан бұрын Қазақстан құрамасы Тайваньды 7:1 есебімен тізе бүктірген болатын. Қазақстан әйелдер құрамасы бұған дейін 2002 жылы сынға түсті. А тобында Канада мен Швециядан - 0:7, Ресейден - 1:4 есебімен жеңілді. Өз тобында төртінші орын алып, 5-8 орындар үшін шеберлік байқасты. Онда Германиядан 0:4, Қытайдан 1:2 есебімен ұтылып, сегізінші орынды қанағат тұтты. Енді қазақстандық хоккейшілер 10 қазанда Италиямен кездеседі.