426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алмат Кебіспаев ресейлік балуаннан жеңіліп, қола медальға таласатын болды

  • 90
  • UPD: 23:20, 09.10.2021
Алмат Кебіспаев ресейлік балуаннан жеңіліп, қола медальға таласатын болды Olympic.kz

Ослодағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық кездесу аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Осы салмақта ел намысын қорғаған Алмат Кебіспаев ресейлік қарсыласы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Назир Абдуллаевқа есе жіберді. 

Тартысты белдесуде Алмат 5:10 есебімен ұтылған. Осылайша Алмат турнирдің қола жүлдесіне таласу мүмкіндігін алып отыр. 

Алмат Кебіспаев әлем чемпионаттарының төрт дүркін жүлдегері. Соңғы рет ол 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында 63 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алған болатын. 

Сондай-ақ Кебіспаев 2012 жылғы Лондон және 2016 жылғы Рио Олимпиадаларының қатысушысы.

Хабар 24 телеарнасы