Қасым Әнуарбек жеңіл салмақта OCTAGON чемпионы титулын иеленді

Қасым Әнуарбек жеңіл салмақта OCTAGON чемпионы титулын иеленді

Қазақстандық Қасым Әнуарбек (5-2) пен қырғызстандық Нұрболот Аскарбек уулу (8-1) жеңіл салмақта OCTAGON промоушенінің чемпиондық белбеуін сарапқа салды, деп хабарлайды Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші раундта файтерлер бірін-бірі бақылап, соққы алмасып тұрды. Екінші бесминуттықта қырғыз файтері Әнуарбекке ауыр соққы жасады, бірақ шабуылын жеңіске дейін жеткізе алмады. Кейін Аскарбек уулу басымдық танытып, шабуылдай бастады, бірақ соның бірінде қазақстандықтың белінен төмен соққы жасады.  

Төртінші раундта Қырғызстан өкілі шаршаңқырап, Әнуарбектің көп соққысын өткізіп алды. Шешуші раундта да файтер алма кезек шабуылын жалғастыра берді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Қасым Әнуарбекке берді.