А.Дауранова конькимен жүгіру спортынан әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды

А.Дауранова конькимен жүгіру спортынан әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды
Иллюстративті фото / Olympic.kz

Қазақстандық спортшы коньки тебуден әлем кубогі кезеңінің жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Германияның Инзель аймағында конькимен жүгіру спортынан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Жастар арасында өтіп жатқан додада Алина Дауранова екінші орыннан көрінді. Ол қыздар арасында 1000 м қашықтықты 1:17:23 уақытта бағындырды. 

Жарыс нәтижесі бойынша Смит Пиен (Нидерланд) топ жарса, Анастасия Семенова (Ресей) үздік үштікті түйіндеді.