Елордалық «Барыс» «Нефтехимикке» есе жіберді

Елордалық «Барыс» «Нефтехимикке» есе жіберді
Prosports.kz.

Жерлестеріміз өз алаңында Нижнекамскінің «Нефтехимик» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл командалардың алдыңғы кездесуінен бері бір аптадан сәл астам уақыт өтті. 4 желтоқсанда Нижнекамскіде өткен матчта «Барыс» 0:2 есебімен ұтылып жатып, кейін төрт шайбы соғып, камбэк жасады.

Содан бері Юрий Михайлис командасы төрт ойынды қатарынан жеңді. Нижнекамскі ұжымы өз кезегінде соңғы алты матчта жеңілістен көз ашпады.

Ал бүгінгі ойында «Нефтехимик» 3:1 есебімен жеңіске жетті.