Левандовски әйгілі Герд Мюллердің рекордын қайталады

Левандовски әйгілі Герд Мюллердің рекордын қайталады
Eurosport

«Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски әйгілі Герд Мюллердің рекордын қайталады, деп жазады Vesti.kz.

Германия чемпионатының 16 турында Левандовски «Штутграт» қақпасына дубль жасады. Осылайша ол бір жылда соққан голдарының санын 42 дейін жеткізіп отыр. Аталмыш рекордты 1972 жылы Мюллер тіркеген болатын.

Алайда польшалық шабуылшы бұл рекордты бұзуы мүмкін. Ол үшін 17 желтоқсанда «Вольсбург» қақпасына кем дегенде бір гол салуы тиіс.

Еске салайық, Роберт Левандовски биылғы маусымның нәтижесі бойынша алтын доп үміткерлерінің арасында екінші орын иеленді.