Теннисші Рыбакина Аделаида турнирін жеңіспен бастады

Теннисші Рыбакина Аделаида турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аделаидадағы (Австралия) WTA турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Қазақстан құрамасының көшбасшысы австралиялық Сторм Сандерсті үш сетте жеңді. Есеп – 6:4, 1:6, 6:1.

Матч тура 2 сағатқа созылды.