Бейжің олимпиадасына бейжай қарауға болмайды

Бейжің олимпиадасына бейжай қарауға болмайды

Спортшыларымыз дін-аман. Салаға жауапты комитет мамандары қыз-жігіттердің жағдайының бірқалыпты, жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысу жоспар бойынша жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

Ұлттық құраманың бір бөлігі қазір шетелдерде жүр. Олар іріктеу сындарына қатысып, қоржындағы жолдама санын түгендеп жатыр. Әсіресе, фристайл могул мен фристайл акробатика шеберлері бүгін жарысқа араласады. Қос бәсеке де американың Дир-Вилли қаласында өтеді. Фристайл могулдан ел намысын Юлия Галышева мен Павел Колмаков бастаған бес спортшы қорғайды. Ал акробатикада Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмурзаева, Аяна Жолдастар бар. Қазірдің өзінде жерлестеріміз 60-қа жуық лицензия жеңіп алды. Олимпиадаға қатысатындардың нақты тізімі осы жарыстар аяқталғаннан кейін, яғни, қаңтардың 17-сі жарияланады.