Олимпиада 2022: марапаттау кезінде спортшыларға масканы шешуге рұқсат етілді

Олимпиада 2022: марапаттау кезінде спортшыларға масканы шешуге рұқсат етілді
blogspot.com

Бейжіңге аттанған қазақстандық спортшылар алғашқы жаттығуларын бастап кетті.

Бүгін шорт-тректен ұлттық құрама мүшелері Бейжің мұз айдынында дайындықтарын пысықтады, деп хабарлады «Хабар 24».

Естеріңізге салайық, Қытайда өтетін қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 4-інен 20-сына дейін жалғаспақ. Жарыстар Бейжің шаһарынан бөлек Яньцин және Чжянцзякоу қалаларында да өтеді. Додада 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Марапаттау рәсімі кезінде спортшыларға маска шешуге рұқсат етілді.