Бейжің-2022: шаңғымен трамплиннен секіру

Бейжің-2022: шаңғымен трамплиннен секіру

Қазақстандық спортшылар Сергей Ткаченко мен Данил Васильев біліктіліктен сәтті өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ткаченко іріктеу турнирінде 43,1 ұпай жинады, секіру ұзындығы - 68 метр болса, 70,5 метрге секірген Данил Васильевтің нәтижесі - 46,2 ұпай болды.

Айта кетейік, біліктілік ережелері бойынша 53 спортшының 50-і финалдық кезеңге өтті.