UFC: Шавкат Рахмонов үшінші жек-жегінде жеңіске жетті

UFC: Шавкат Рахмонов үшінші жек-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Шавкат Рахмонов UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Отандасымыз Лас-Вегаста өтіп жатқан турнирде гайандық Карлстон Харристі тізе бүктірді. Жартылай орта салмақта өткен бұл кездесу үш раундқа жоспарланған еді. Алайда жерлесіміз бірінші раундта айналып теуіп, қарсыласып сұлатып түсірді. 27 жастағы Шавкат өзінің барлық 15 жекпе-жегін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған.