Бейжің 2022: Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысының алғашқы жарыс түрінде бақ сынады

Бейжің 2022: Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысының алғашқы жарыс түрінде бақ сынады
Olympic.kz

Бүгін Олимпиада ойындарында шаңғы қоссайысынан жеңімпаздар есімі анықталады. Алдымен спортшылар шаңғымен тұғырдан секіруден сынға түсті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық Шыңғыс Ракпаров 79.5 метрге секіріп, қорытынды есепте 69.9 ұпай иеленді. Гундерсон жүйесіне сәйкес, шаңғымен жарысуға ол 38-ші болып шығады. Ракпаров көшбасшыдан 4 минут 12 секундқа қалып қойған. 

Айта кетелік, әзірге жапониялық Риота Ямамото алда келеді. Ол 133 ұпаймен көш бастап тұр.