Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
inform.kz

Қарағанды қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында екінші халықаралық ITF Juniors турнирі мәреге жетті.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Team Kazakhstan академиясының тәрбиеленушілері табысты өнер көрсетті. Бозбалалар арасында Ислам Орынбасар финалда ресейлік Артем Алексейчукті 6:4, 6:1 есебімен ұтты. Сөйтіп ол жекелей сында ITF Juniors жарысындағы алғашқы титулына қол жеткізді. Жұптық сында Әмір Омарханов Виталий Зацепинмен бірге соңғы бәсекеде ресейлік Егор Горин мен өзбекстандық Артур Ибрагимовті 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Бұл да - Әмірдің ITF Juniors сериясындағы алғашқы жеңісі.