Бейжің-2022: ХОК басшысы Томас Бах қазақстандық атлеттермен кездесті

Бейжің-2022: ХОК басшысы Томас Бах қазақстандық атлеттермен кездесті
inform.kz

Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадада ойындары аясында Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах қазақстандық олимпиадашылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, Томас Бах бүгін Чжанцзякоу таулы олимпиадалық ауылына келіп, спортшылармен, оның ішінде фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының жетекшісі Жанбота Алдабергеновамен кездесіп, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, фристайл-акробатикадан 13 ақпанда әйелдер арасында іріктеу сындары басталады. Ал финал 14 ақпанға жоспарланған. Аталған спорт түрінен еліміздің намысын әйелдер арасынан Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмырзаева қорғайды. Ал ерлер арасындағы іріктеу сындары 15 ақпанда басталып, финалдық бәсекелер 16 ақпанда өтеді. Фристайл-акробатикадан ерлер арасында Қазақстаннан Шерзод Хаширбаев ел намысын қорғайды.