Шорт-трекшілер Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша Бейжіңде жартылай финалға өтті

Шорт-трекшілер Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша Бейжіңде жартылай финалға өтті

Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен ерлер арасында 500 метрге ширек финалдық сайыстар өтті.

Жарыс кезінде 40.355 уақытын көрсеткен қазақстандық спортшы Денис Никиша бірінші келіп, жартылай финалға өтті. Бұл жарысқа қатысқан тағы бір қазақстандық шорт-трекші Әділ Ғалиахметов /40.925/ бесінші болып финиш сызығын аттады. Ал осы спорт түрінен фавориттердің бірі саналатын Абзал Әжіғалиев 40.643 уақытын көрсетіп, жартылай финалға шықты.

Бұл туралы khabar.kz хабарлады.