Олимпиадада шаңғышы құлап, жарыс өтпей қалды

Бейжің Олимпиадасы аяқталуға жақын. Қазір әлемнің спорттық державалары соңғы медальдар жиынтығын сарапқа салып, жанталасып жатыр. Бірақ өкінішке орай, олардың арасында біздің қыз-жігіттер жоқ.

Жалпы Бейжің Олимпиадасы жерлестеріміз үшін сәтсіз болары о бастан белгілі еді. Енді отандық мамандар осы олықылықтың қай жерден кеткенін саралап, қай тұстарды дамыту керектігіне бас қатырып әлек. 

Негізі алтынды көздедік. Фристайлдан ұлттық құраманың аға бапкері Жібек Арапбаева онлайн брифингке қатысып, Олимпиада ойындарын қорытындылады. Оның барысында қыздарымыздың әлеуеті жоғары болғадығын алға тартты. Әсіресе финалға жолдама алған Ақмаржан Қалмырзаева күрделі деген элементтерді орындады.

Бірақ төрешілер бағасы түсініксіз деді маман. Соған қарамастан Ақмаржанның көрсеткіші тарихи жетістік болып саналады. Өйткені бұған дейін ең тәуір нәтиже Жанбота Алдабергеноваға тиесілі еді. Ол 2018 жылғы қысқы ойындарда 13-сатыға тұрақтады.

Бірақ маусым Олимпиадамен бітпейді. Алда әлем кубоктары бар. Енді жерлестеріміз Бейжіңде кеткен есені сонда қайтармақ. Өкініштісі сол, елде дәл осы қыздарды алмастыратын жаңа толық жоқ.

Жібек Арапбаева, фристайлдан ұлттық құраманың аға бапкері: 

Шорт-трек шеберлері жоспарды 90 проценке орындады. Бұл жөнінде ұлттық құраманың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы маусым жерлестеріміз үшін сәтті болды. Әлем кубоктарында жүлдеге іліккен спортшыларымыз бар.

Ал Олимпиадада тарихи нәтижелер тіркелді. Мәселен, Абзал Әжіғалиев ел тарихында бірінші рет қысқа қашықтықта финалға шығып, жарыс қорытындысы бойынша 4-сатыға тұрақтады. Ал Әділ Ғалиахметов 1500 метрлік бәсекеде 8-орын алды.

Бұған қоса жерлестеріміз аралас эстафетада алыңғы бестіктен табылды. Осының арқасында ұлттық құрама спортшылары 70 мың доллар сыйақы алады. Яғни Абзалға 4-орын үшін 30 мың доллар табысталады. Ал эстафетада ел намысын қорғаған төрттікке 10 мың доллардан беріледі.

Мәдіғали Қарсыбеков, шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері:

Спорт бойынша ғылыми институт құрылады

Елімізде спорт бойынша ғылыми зерттеу институты құрылады. Бұл жөнінде ҰОК Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бастаманы құзырлы министрлік көтеріп, үкімет тарапынан қолдау алған.

Енді жүзеге асыруға белгілі бір уақыт қажет. Бейжіңге қазақстандық делегацияны бастап барған маман спорттық медицина мен спорттық ғылымға ерекше мән беру керектігін алға тартады. Бүгінге дейін елімізде спорттық медицина орталықтары ашылып, оған қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

Сонымен қатар кешендім ғылыми топтың біліктілігін арттыруға ерекше мән беріледі. Енді осы жұмыстар бір жүйеге түсіп, нақты нәтиже беру үшін арнайы институт қажет деді.

Шаңғышы құлап, жарыс тоқтатылды

Бейжің Олимпиадасында тағы жайсыз жағдай орын алды. Тау шаңғысынан әйелдер арасындағы сында франциялық Камилла Черутти қателік жіберіп, жарыс барысында сүрініп кетті. Салдарынан бәсеке уақытша тоқтатылды. 23  жастағы спортшыға медициналық көмек көрсетіліп, жарыс алаңынан эвакуациялады. Бұл жағдайды тікелей эфирден көрсетпеді. Жалпы тау шаңғысы өте қауіпті спорт саналады. Өйткені төменге құлдилаған қатысушылардың жылдамдығы сағатына 120 шақырымға дейін жетеді. Ал жарыс жеңімпазы швейцариялық Коринн Зутер атанды. Күміс пен қола Италия спортшыларына бұйырды. София Годжа екінші орыннан көрінсе, Надя Делаго үздік үштікті түйіндеді.

Сонымен кезекті жарыс күнінің қортындысы бойынша Норвегия құрамасы топ бастап тұр. Оның өкілдері 27 медаль жеңіп алды. 12-cі алтын. Одан кейін өкшелеп Германия келеді. АҚШ пен Австрияда да тізімнің бірінші сатысына шығуға дәмелі.

Ал ұлттық құрама қоржыны әзірге бос.

 Айта кетейік, Бейжіңдегі ойындар 20 ақпанға дейін жалғасады.