Футбол: Қазақстан құрамасының қорғаушысы армениялық клубқа ауысты

Футбол: Қазақстан құрамасының қорғаушысы армениялық клубқа ауысты
Prosports.kz.

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Тимур Рудосельский Арменияның «Нораванк» клубымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Рудосельскийдің соңғы клубы армениялық «Севан» болды, онда ол 13 матч өткізді және бір нәтижелі пас берді.

27 жастағы спортшы алматылық «Қайраттың» түлегі. Сондай-ақ Израиль бірінші дивизионында «Хапоэль» (Петах-Тиква), «Жетісу» және «Оқжетпес» командаларында ойнаған.