Эль-Класиконың өтетін уақыты белгілі болды

Эль-Класиконың өтетін уақыты белгілі болды
Football-fun.ru

Испания Ла лигасы биылғы маусымдағы екінші Эль-Класиконың өтетін уақытын белгіледі, деп жазады Prosports.kz.

Биыл «Реал» мен «Барселона» арасындағы екінші ойын «Сантьяго Бернабеуде» өтеді. Бұл матч 20 наурызда жергілікті уақыт бойынша 21:00-ге жоспарланған.

Яғни Қазақстан уақыты бойынша 21 наурызға қараған түні 02:00-ге тура келеді.