Паралимпиада: Қазақстан спортшыларының алғашқы нәтижелері

Паралимпиада: Қазақстан спортшыларының алғашқы нәтижелері

Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында парабиатлон жарысында отырып сырғанаудан сынға түскен қазақстандық Сергей Усольцев мәреге 15 және Ербол Хамитов 16-шы болып жетті.

Ал Александр Герлиц 6 шақырымға тұрып сырғанау бәсекесінде 8-орыннан көрінді. Ертең Ербол Хамитов 18 шақырымдық пара шаңғы жарысына қатысады. Сондай-ақ ол Сергей Усольцевпен бірге 8 наурыз күні пара биатлоннан 10 шақырымдық отырып сырғанау бәсекесінде де жарыс жолына шығады. Александр Герлиц сол күні парабиатлон жарысында 10 шақырымдық тұрып сырғанаудан бақ сынайды.