Паралимпиада 2022: Александр Герлиц шаңғы жарысында бесінші келді

Паралимпиада 2022: Александр Герлиц шаңғы жарысында бесінші келді
Tengrinews

Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Александр Герлиц 10 шақырымға шаңғымен тұрып жарысуда мәреге бесінші болып келді.

Ол қытайлық Ван Чэньяннан 2 минут 3,2 секундқа қалып қойды. Екінші орын француз Б.Давиетке, үшінші орын қытайлық Цай Цзюньге бұйырды.