Теннис: Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингіде үздік ондыққа кірді

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ұлттық құрама 13-орыннан 9-сатыға көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Осылайша Қазақстан құрамасы үздік ондыққа кірді. Бұл Дэвис кубогі іріктеу кезеңінде Норвегия құрамасын жеңуі арқасында мүмкін болды. Сөйтіп әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған еді. Дэвис кубогінің финалдық кезеңі биыл қыркүйек айында плей-офф бәсекелері қарашада өтеді. Финал мен плей-офф ойындары болатын қалалар наурыздың аяғы не сәуірдің басында анықталады.