Паралимпида спортшылары мен бапкерлерінің жалақысы өседі

Паралимпида спортшылары мен бапкерлерінің жалақысы өседі

Енді елде Паралимпиадалық спортқа басымдық беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болды. Елде 700 мыңға жуық мүгедек жан бар. Енді солардың дайындығына жағдай жасап, ниеттілерді барынша спортқа тарту керек. Бұл жөнінде спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлімдеді. Ол Бейжің ойындарындағы жетістікті спорттағы саралау жүйесі мен дайындық бағдарламасының сапалылығымен байланыстырды. Енді осы бағыттағы жұмысты жандандырып, ынталандыру тетіктерін күшейту жоспарланып отыр. Өңірлерде инфрақұрылым мәселесіне жіті көңіл бөлінеді.