Атырауда балаларға арналған спорт залы ашылды

Енді онда бүлдіршіндер мен жасөспірімдер спортпен тегін шұғылданады.

“Батыр боламын” қайырымдылық қоры мен облыстық әкімдіктің қолдауымен ашылған жаттығу нысанында 320-дан астам бала еркін күрес және дзюдомен тегін айналысады. 3 жыл ішінде балаларға арналған 11 спорт залын ашқан қайырымдылық қоры биыл тағы 30 жаттығу залын ашуды жоспарлап отыр.

Нариман Кеңғалиұлы, жаттықтырушы:

- Қазір балаларды тегін дайындап, жасап жатырмыз тренировка. Бір жылда екі рет жарыс жасаймыз. Ай сайын балаларды тамақпен қамтамасыз етеміз. Жағдайы жетпейтін балаларды қамтамасыз етеміз. 4 жаттықтырушымыз бар. Қазір жоспарымыз тағы бір зал салсақ деген ойымыз бар. Қаланың ішінен үлкендеу, жақсы, балалар көп сиятын.