Нигерия жанкүйерлері Ганаға қарсы ойыннан кейін стадионды қиратты (видео)

Нигерия жанкүйерлері Ганаға қарсы ойыннан кейін стадионды қиратты (видео)
Prosports.kz

Кеше Нигерия құрамасы Ганамен қарымта ойында тең (1:1) ойнап, 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осыдан кейін Нигерия құрамасының жанкүйерлері стадионның астан-кестенін шығарды.

Еске салайық, Ганада өткен алғашқы кездесуде қарсыластар 0:0 есебімен тең түскен болатын. Екінші ойында да тең есеп тіркелді, бірақ сырт алаңда соғылған голдың арқасында Гана 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды.