Головкин Муратамен айқас үшін қанша сыйақы алатыны айтылды

Головкин Муратамен айқас үшін қанша сыйақы алатыны айтылды
Sports.kz

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA супер титулының иегері жапониялық Риота Муратаның (16-2, 13 KO) алдағы айқас үшін алатын гонорар көлемі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөз мәліметінше, Головкиннің кепілді сыйақысы – 12,3 миллион доллар, ал Муратаға 4,1 миллион тиеді.

Бұл айқас 9 сәуір Сайтамада өтеді. Головкин Жапонияда екенін хабарлағанбыз.