Spanish Open G2: халықаралық турнирге қазақстандық алты спортшы қатысып жатыр

Spanish Open G2: халықаралық турнирге қазақстандық алты спортшы қатысып жатыр
Таеквондо федерациясының баспасөз қызметі

Бүгін Испанияның Аликанте қаласында таеэквондодан рейтингілік Spanish Open G2 турнирі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл халықаралық аламанға еліміздің атынан алты спортшы қатысуда. Олардың барлығы Алматы қаласының спортшылары.

Таеквондошылар тізімі:

Елжан Елшібай - 58 кг

Газез Нұрбек - 58 кг

Әділет Базарбаев - 63 кг

Ерасыл Қайырбек - 68 кг

Дамир Шуленов - 68 кг

Рахым Әділханов - 80 кг