112 келі гір тасын тісімен көтерген палуан әлем рекордын бейресми жаңартты – Ақмола облысы

112 келі гір тасын тісімен көтерген палуан әлем рекордын бейресми жаңартты – Ақмола облысы
Prosport.kz

Көкшетауда аты аңызға айналған палуан, бірнеше дүркін әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовты еске алуға арналған облыстық чемпионат өтті, деп хабарлайды Prosport.kz

Жарыс аясында атақты атлет Тимур Спатаев жалпы салмағы 112 келі гірді тісімен көтеріп, әлем рекордынан жоғары нәтиже көрсетті.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, чемпионатта облыстың әр өңірінен жиналған 200-ге жуық палуан 23 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде күш сынасқан.

Жарысқа қонақ ретінде Қажымұқан Мұңайтпасовтың туыстары қатысты.

Қонақтар арасында Франция, Германия, Ресей, Өзбекстандағы чемпионаттарда бірнеше рет жүлделі орындарды иеленген, Гиннестің рекордтар кітабына енген атақты спортшы, армрестлинг және қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тимур Спатаев та болды.

«Ол жалпы салмағы 112 келі гірді тісімен көтеріп, бейресми түрде әлемдік рекордты жаңартты. Тимур өзінің ерекше трюкін қазақтың ұлы палуаны және батыр Қажымұқан Мұңайтпасовтың 151 жылдығына арнады», – деді ведомстводан.