Головкин – Мурата жекпе-жегі 19:00-де басталады 

Головкин – Мурата жекпе-жегі 19:00-де басталады 

Жапонияда бокс кеші басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін рингте Геннадий Головкин мен Риото Мурата кездеседі. Қазір бокс кеші басталғанмен Головкин мен Мурата жекпе-жегі біздің уақыт бойынша кешкі жетінің шамасында өтеді. Екі боксшы да бұған дейін салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Головкин осыған дейінгі жекпе-жегінің 41-ін жеңіспен аяқтады. Біреуінде тең түсіп, біреуінде жеңілген. WBA Super белдігінің иесі жапондық Риота Мурата 16 рет жеңіске жетіп, екеуінде жеңілген. Бүгінгі айқас 12 раундта жоспарланған.