Головкин Муратаға белдігін қайтарып берді

Головкин Муратаға белдігін қайтарып берді

Қазақстандық бокстың аңызы Геннадий Головкин жеңілген Риота Муратаға WBA «суперчемпион» белдігін қайтарды, деп хабарлайды Sports.kz. GGG Риотаға арналған шешінетін бөлмеге кіріп, оған «бұл сіздікі» деп, белдігін қайтарып берді.

Еске сала кетейік, Головкин қыркүйек айында мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек өткізуі керек. Жекпе-жек қыркүйектің ортасында Мексиканың тәуелсіздік күніне жоспарланған.