Геннадий Головкин Риота Муратаға шапанын сыйға тартты

Геннадий Головкин Риота Муратаға шапанын сыйға тартты

WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) қарсыласы Риота Муратаға сыйлық жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

GGG жапонға әдетте жекпе-жекке киіп шығатын өзінің қолтаңбасы бар шапанды сыйға тартты.

«Қарсыласыма үлкен құрмет! Ол чемпион және солай қалады», - деп жазды Головкин Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Головкин тоғызыншы раундта Мұратаны техникалық нокаутпен жеңді.