Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалына шықты

Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалына шықты
ҚР ҰОК

Қазақстандық бұрымды балуан Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

68 келінің алтын медалін ол Токио олимпиадасының қола жүлдегері қырғызстандық Мейрім Жұманазаровамен сарапқа салады.

Мадина Бақбергенова финалда жапониялық Наруха Мацуюкиден басым түсіп, финалда күресуге мүмкіндік алды.

Айта кетерлігі, 76 келіде бозкілемге шыққан Гүлмарал Еркебаева құрлық додасының қола жүлдесі үшін бағын сынайды. Оның жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы Моңғолия балуаны Ариунжаргал Ганбат болмақ.

Бұған дейін грек-рим күресінің шеберлері қоржынымызға тоғыз медаль салғанын хабарлағанбыз.