Бүгін Түркияда әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты жалауын көтереді

Бүгін Түркияда әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты жалауын көтереді
ҚазАқпарат

Ыстамбұл қаласында әйелдер арасында өтетін бокстан биылғы әлем чемпионатын «Qazsport» телеарнасы көрсететін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық жанкүйерлер байрақты додадан тікелей көрсетілімді «Qazsport» телеарнасы арқылы тамашалай алады. Дүбірлі додада еліміздің атынан 12 боксшы сынға түседі. Олардың қатарында Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) бар. Ел құрамасынан бүгін Валентина Хальзова кениялық Лорна Куса Симбимен қолғап түйістіреді. Сондай-ақ қазақстандық боксшылар алғашқы жекпе-жегін Канада, Колумбия, Пуэрто-Рико, Испания, Финляндия, Алжир, Өзбекстан, Түркия және Украина спортшыларына қарсы өткізеді.