Көкшетауда балалар спартакиадасы басталды

Көкшетауда балалар спартакиадасы басталды

Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жұлдызай» спартакиадасы басталды.

Үшінші рет өткізіліп отырған сайысқа 75 бала қатысып жатыр. 7 командаға бөлінген олар асық ату, бес тас, үстел теннисі, шағын футбол және жеңіл атлетика бойынша өзара сынға түседі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған спартакиадаға қатысушылардың қатары жыл санап көбейіп, ата-аналар мен мұғалімдердің де қызығушылығы мен белсенділігі артқан. Бүгін басталған жарыс жұма күні өз мәресіне жетеді. Жеңіске жеткен өрендер күзде Алматы қаласында өтетін республикалық олимипадаға жолдама алады. 

Дәурен Шәріпов, жарыстың бас төрешісі:

- Бізде жақында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында қысқы спартакиада өтіп, оған 80 бала қатысты. Бүгінгі жарысқа да ниет білдіргендер көп болды. Оның үстіне облыста ерекше балалардың қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жүр. Оған қоса қазір Сурдлимпиада өтіп жатыр. Осының бәрі арнайы ойындарға деген қызығушылықты арттырды.