Қазақстан хоккей құрамасы қатарынан екінші рет жеңіліп қалды

Қазақстан хоккей құрамасы қатарынан екінші рет жеңіліп қалды

Ұлттық құраманың жолы болар емес. Қазақстандық хоккейшілер дәл қазір әлем чемпионатына қатысып жатыр.

Байрақты бәсеке Финляндияның Хельсинки қаласында өтуде. Юрий Михаилис баптайтын жігіттер бұл жолы Франция командасымен жолығып, 2:1 есебмен есе жіберді.

Айта кету керек, алғашқы голды ұлттық құрама сапындағы Валерий Орехов соққан. Бірақ матч соңына дейін басымдықты сақтай алмады. Ал алғашқы кездесуде жерлестеріміз Дания құрамасынан 9:1 есебімен жеңілген еді. Нәтижесінде 0 ұпаймен А тобындағы 8 команда арасында әзірге ең соңғы болып тұр. Қазақстандық құрама енді ертең Швейцариямен кездеседі. Хельсинки қаласындағы турнир 29 мамырға дейін жалғасады.

Елордада киокушинкай каратэден біріктірілген форматтағы бәсеке өтті 

Азия үздіктері елордаға жиналды. Бұнда алғаш рет киокушинкай каратэнің біріктірілген форматтағы құрлықтық бәсеке өтті. Яғни жапон жекпе-жегімен айналысатын бірнеше федерация өкілі бір жерде бас қосып, өзара мықтыны анықтады. Дүбірлі додаға 12 елден 300-ден спортшы қатысты. Жарыстың алғашқы күні жасөспірімдер, ал екінші күні ересектер сынға түсті. Нәтижесінде жергілікті спортшылар алдына жан салмады. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы бірінші сатыға жайғасса, үздік үштікті Иран және Қырғызстан командалары түйіндеді. Басты мақсат каратэ федерацияларының арасын жақындатып, тіпті мүмкіндігінше біріктіре түсу дейді ұйымдастырушылар. Мәселен, Қазақстанның өзінде қазір дәл осы бағытта 5 федарация жұмыс істейді.