Рыбакинаның жеңісі елде теннис спортының дамуына серпін береді – ҚТФ вице-президенті

olympic.kz

Федерацияның вице-президенті осындай пікірде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде қызығушылық жоғары. Бүгін елордадағы ұлттық теннис орталығына жүздеген жанкүйер жиналып, Рыбакинаға қолдау көрсеткен. Ойынды тікелей көрсетілімде тамашалаап, әр ұпай үшін іштей күресті. Олар Рыбакинаның жеңісіне сенді дейді Юрий Польский

Юрий Польский, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті:

- Елена Рыбакинаның бүгінгі ойыны теннис жанкүйерлеріне ләззат сыйлады деп ойлаймын. Уимблдондағы стадиондағы жұрт матчты кірпік қақпай тамашалады. Алғашқы сетте есе жіберіп, кейін басым түсу үшін үлкен психологиялық дайындық керек. Бұл оның қолынан келді. Бұл жеңіс Қазақстанда теннис спортының дамуна серпін береді, балалар арасында тенниске деген қызығушылық арта түседі деп ойлаймын.