Жас таэквондашыларымыз әлем чемпионатында топ жарды

Жас таэквондашыларымыз әлем чемпионатында топ жарды

Болгарияда жасөспірімдер арасында өткен сайыста қазақстандық жас спортшылар 7 алтынмен оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзінен 15 елдің спортшылары бақ сынаған додаға елімізден 15 жасөспірім қатысты. Байрақты бәсекеден жеңіспен оралғандарды спортсүйер қауым Алматы әуежайынан қошеметпен қарсы алды. Жасөспірімдердің бірі - Исатай Төлегенұлы 50 келі салмақтағы жекпе-жекте норвегиялық қарсыласын 3:0 есебімен жеңген.

Исатай Төлегенұлы, әлем чемпионы:

- Финалға шыққан кезде аздап қобалжып тұрдым. Бірақ мені Қазақ елі қолдайтынын есіме түсіріп, өзіме күш жинап бірінші орынды алып кеттім. Финалда Норвегия спортсменімен шықтым.