Жансая Әбдімәлік шахмат олимпиадасының жүлдесін иеленді

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының жүлдегері атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отандық спортшы Үндістанның Ченнай қаласында өткен жарыста қола медальға қол жеткізді. Олимпиадаға бүкіл әлем құрамаларындағы үздіктер қатысты. Тағы бір қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева өз санатында 4-орынға жайғасты. Жалпы есепте әйелдер командасы 5-орынды иеленді. Ал ерлер үздік 5-тікке кіре алмады.