Қазақстандық спортшылар ИЫО жарыстарын сәтті бастады

Қазақстандық спортшылар ИЫО жарыстарын сәтті бастады

Ислам ынтымақтастық ойындары басталды. Салтанатты ашылу рәсімі Түркияның Конья қаласында 42 мың жанкүйер сыятын стадионда өтті. Байрақты бәсекеге 56 елден бас-аяғы 4 мыңнан аса спортшы жиналды. Оның ішінде Қазақстан құрамасы да бар. Бұл жарыста ел намысын 127 спортшы қорғайды. Олар 16 бағытта медальға қол созбақ. Қазақстанның көк байрағын семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионы Ерлік Сертай ұстап шықты.

Айта кетейік, бүгінге дейін ел қоржыны бірнеше алтынмен толықты. Ашылу салтанатынан дейін велотрек шеберлерінің бәсекесі өтіп еді. Әсіресе ұлтттық құрамадағы Рината Сұлтанова мен Артем Захаров әртүрлі қашықтықта топ жарып, 5 алтын медаль әкелді. Бұған қоса үстел теннисі, жеңіл атлетика және еркін күрестен де жерестеріміз жеңіс тұғынан көрініп жатыр. Ислам ынтымақтастық ойындары 19 тамызға дейін жалғасады. 

Ерлік Ертай, Қазақстан құрамасының мүшесі 

Мадина Бақбергенова, Қазақстан құрамасының мүшесі