Семейде «Abai chess open» деген атаумен Х-республикалық шахмат турнирі басталды

Семейде «Abai chess open» деген атаумен Х-республикалық шахмат турнирі басталды

Сайысқа 150 ойыншы қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүбірлі додаға халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, гроссмейстерлер де арнайы келген. Олардың арасында ұлттық құраманың мүшелері мен дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысқан спортшылар да бар. Турнирдің жүлде қоры – 2 миллион теңге.

Еркебұлан Хасенов, турнирге қатысушы:

- Шахматты 8 жасымнан бастап ойнаймын. Содан бері талай жарыстарға бардым. Қазір әскери бөлімнің атынан келіп тұрмын. Әскери қызметшілер арасында екі рет бірінші орын алдым.

Темірлан Каликов, турнирдің ұйымдастырушысы:

- Жарыс үш күнге созылады. Алғашқы екі күн рапид-шахмат сайысы. Үшінші күн блиц-турнир. Әр ойыншыға үш минуттан беріледі.