Мейірім Нұрсұлтанов WBO чемпионы титулын сәтті қорғады

Мейірім Нұрсұлтанов WBO чемпионы титулын сәтті қорғады

Мейірім Нұрсұлтанов өзінің кәсіби бокстағы 17-жеңісіне қол жеткізді және WBO International атағын екінші қайтара жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Бұл жайында ол Instagram парақшасында жазды.

«Аллаға шүкір! Белбеуді қорғадық. Жанкүйер болып қолдау көрсеткендерінізге көп рахмет. Алға, Қазақстан!» деп жазды Мейірім Нұрсұлтанов.

Қазақ боксшысы Польшаның Люблин қаласында өткен кәсіби бокс кешінде аргентиналық Марсело Эстебан Косероспен жекпе-жекке шыққан болатын.

Орта салмақтағы айқас он раундқа шақталған, қос үміткер Мейірім Нұрсұлтановқа тиесілі WBO International чемпионының белбеуін сарапқа салды.

Әділқазы бір ауыздан қазақстандық боксшы жеңіске жетті деген қорытынды жасады.

Мейірім әзірге жеңіліп көрген жоқ. Ал оның қарсыласы аргениналық Косеров осымен бесінші мәрте жеңіліп отыр.

Айта кетейік, жылдың басында Мейірім Нұрсұлтанов Ақтауда өткен бокс кешінде ресейлік Андрей Сироткинді жеңіп, WBO International титулын иеленген.